BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Құрбан болған балаларды еске алу мақсатында Капитолий жанына 7 мың аяқ киім қойылды

Фото: CBS News

Вашингтон қаласында Капитолий жанында қарулы қақтығыстан, зорлық-зомбылықтан көз жұмған балаларға арналған еске алу шарасы өтті. Бірнеше мыңдаған туфли далаға қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CBS News-ке сілтеме жасап.

2012 жылы Сэнди Хук бастауыш мектебіне шабуыл жасалып, сұмдық оқиға орын алған болатын. Алайда, мектеп оқушыларын өлтіру мұнымен тоқтаған жоқ. Ең соңғы рет 17 ақпанда Паркленд қаласында атыс-шабыс орын алып, 17 оқушы мерт болған еді.

Зерттеу бойынша, Америка педиатрия академиясында 1 жылда оққа ұшырап, көз жұмған 1300 бала тіркелген, яғни, үш күннің бірінде бір бала қаза табады.

Лори Хаас 2007 жылдан бері қару-жарақ ұстауға тыйым салатын ұйымға мүше болды. Өйткені, дәл осы жылы Вирджинияда қызы оққа ұшып, қаза тапқан.

Ал Элисон Паркер репортер қызметін бастаған сәтінде осы оқиға барысында көз жұмды. Оның ата-анасы жасыл түсті етігін әкеліп, суретін қойып, балалармен бірге өз перзентін де еске алды.

«Біздің үйіміздің жарығы сөнді, баланың қазасы ауыр», - деді Элисонның анасы.

Еске алу шарасына жиылған ата-аналар балалардың қаза табуы Конгресс жұмысының әлсіздігін білдіреді деді. Ал жиналған 7 мың аяқ киім жағдайы жоқ балаларға сыйға тартылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер