BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

“Зимняя вишня” өртіне алғаш келген өрт сөндіру бөлімінің басшысы тұтқындалды

Ресейдің Кемер облысында ондаған адамның өліміне себепкер болған “Зимняя вишня” СОС-дағы өртті сөндіру үшін келген өрт сөндіру қызметінің бірінші бөлімшесінің басшысы Андрей Бурсин қамауға алынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол "өртті шала-шарпы өшірген" деп айыпталып отыр. Тергеу қорытындысы бойынша, Бурсин оқиға болған жерде тексермеген және онда күш қолданбаған. Бұған дейін ол өрт шыққан ғимаратта мекеменің әкімшілері болмағанын, өздерін ешкімнің қарсы алып, өрт шыққан жерлерді көрсетпегенін айтқан болатын.

Дегенмен Бурсин осы оқиға бойынша тұтқындалған алғашқы өрт сөндіруші емес.

Ресей Тергеу комитеті “Зимняя вишня" ссауда орталығында болған өртке қатысты Кемер облысының Төтенше жағдайлар мекемесінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Кемерде болған өрт 60 адамның өмірін жалмаған болатын. Оның ішінде 41-і бала. Осы оқиғаға қатысты жергілікті басшыларға өз істеріне жауапсыздық қылған және мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаған деген айып тағылып жатыр. Бұған дейін сауда орталығындағы оқиғаға қатысты 8 адам қамауға алынған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер