Жүз мың рохинджаны ешкім тұрмайтын аралға көшірмек - Әлем|07 Желтоқсан 2017, 14:20
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Жүз мың рохинджаны ешкім тұрмайтын аралға көшірмек

Бангладеш билік өкілдері жүз мың рохинджаны ешкім тұрмайтын Бенгал шығанағына көшіру жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Жоспардың жүзеге асырылуына 278 млн доллар көлемінде қаражат бөлінеді. Осы қаражатқа Бенгал шығанағының Ангар-Чар аралында тұрғындарға арналған инфрақұрылым салынбақ. Жоспар 2019 жылдың қараша айында жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл идеяның қарсыластары аталған аралда су басу қаупінің жоғары екенін ескеріп, тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып өтті.

Тамыз айынан бастап Бангладешке 630 мың рохинджа-босқын қоныс аударған. Олар жаппай қанаудан кейін көрші Мьянмадан кетуге мәжбүр болған. Ал Мьянма билігі өз кезегінде тек террористермен күресіп отырғандарын айтып ақталған.

Рохинджа — негізінен Мьянманың Ракхайн штатын мекен еткен халық. Ислам дінін ұстанатын рохинджалар өздерін Ракхайн жерінің ежелгі тұрғындары деп біледі. Бүгінде Мьянма мемлекеттегі рохинджаларды көрші елдерге кетірмек немесе оларды ассимилияцияламақ. Қазір Бангладеш территориясында жарты миллион рохинджа тұрып жатыр. Олардың 69 мыңы соңғы төрт айда көшіп барған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер