BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Жоғалған 7 жасар қыз көшеде тоңазытқыштан өлі күйінде табылды

Іздестіріліп жатқан ресейлік 7 жасар қыз Кемеров облысы Белово қаласында көшеде тұрған тоңазытқыштан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тергеу комитеті аймақтық басқармасына сілтеме жасап.

Баланың денесінен жәбірлеп өлтіру ізі табылмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында соттық-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеушілер қыз далада ойнап жүріп тоңазытқышқа кірген, кейін ішінен шыға алмай қалған деп болжады.

«Алайда тергеу барысында барлық нұсқа қаралатын болады», - деп қосты ведомстводағылар.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні қыздың жоғалғаны туралы әкесі хабарлаған болатын. Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жұмыстарына мыңдаған адам қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 12:42
Қыз ұзатуға
11 Қазан 2018, 17:27
Қыз ұзатуға шақыру
Пікірлер