Жерге елес-астероид жақындап келеді - Әлем|14 Мамыр 2018, 22:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Жерге елес-астероид жақындап келеді

Фото: Lenta.ru

2018 жылдың 16 мамырында Мәскеу уақыты бойынша сағат 01:05-те Жерге 2010 WC9 елес-астероиды жақындайды. Астрономдар бұл астероидты біршама уақыт бұрын көзден таса қылып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына ілтеме жасап.

Жер мен аспан денесінің арақашықтығы шамамен 203 мың шақырым болады. Ол сағатына 46 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Астероидтың диаметрі – 60-130 метр.

Бұл астероидты ғалымдар 2010 жылы қараша айында байқаған, бірақ желтоқсанда көзден таса болған. 2018 жылы 8 мамырда аспан денесі тағы бір мәрте көрінді. Астрономдардың айтуынша, астероид біздің планетамызға еш қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Мамандардың айтуынша, аполлон тобына жататын астероидты телескоп арқылы тамашалауға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер