BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Жер сілкінісі күрд саясаткерінің тікелей эфирдегі сұхбатын үзіп, далаға шығуға мәжбүрледі

Фото: ria.ru

Ирактың Rudaw TV телеарнасының эфирінде журналист Хива Джамал (Hiwa Jamal) және күрт саяси қозғаласының төрағасы Горран Исмаил Намиктің (Ismail Namiq) әңгімелесуі барысында қатты жер сілкінісі болып, тікелей эфирге шығып кетті. Бұл туралы Mashable басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Джамал Ирактың солтүстік-шығысындағы Эрбил қаласында, ал Намик осы бөліктегі Сүлеманияда болған.

Жер сілкінуі сезіле бастағанда камера қимылдайды да, күрт саясаткері қобалжып қалады.

«Жер селкініп жатыр. Менің көшеге шыққаным дұрыс болар, кешіріңіздер», - дейді Намик.

Кішкене уақыттан кейін телеарна тікелей эфирді тоқтатады. Өйткені зілзала Эрбил ауданында да сезіле бастайды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Иран мен Ирак шекарасында алапат жер сілкінісі орын алғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, табиғи апат салдарынан 200-ден астам адам көз жұмғанын жазған едік. Және соңғы бірнеше күннің ішінде тіркелген жер сілкіністері туралы еліміздің бас сейсмологы түсініктеме берген болатын.

Сондай-ақ, Иран мен Ирак шекарасында болған жер сілкінісінен 300-ден астам адам қаза тапқанын жаздық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер