BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Жас жігіт зейнеткерді ұрып құлатып, теуіп тастады

Мәскеудің 25 жастағы тұрғыны зейнеткерге шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Следком» телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жігіт қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында егде жастағы бейтаныс әйелге шабуыл жасады. Ол зейнеткерді жұдырығымен бір ұрып құлатты, кейін тепкілеп тастады.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы ауыр. Ер адамның неліктен мұндай қылмыс жасағаны анықталуда.

Тергеушілер күдіктімен жұмыс істеп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер