BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жапонияда су тасқыны құрбандарының саны 200-ге жетті

Фото: ria.ru

Тағы 60-қа жуық тұрғын іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Апат аймағында 73 мыңға жуық қауіпсіздік қызметкері, полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, құтқару жұмыстарына 80-ге тарта тікұшақ тартылған. Ертең зардап шеккен ауданға елдің премьер-министрі Синдзо Абэ қайта барады. Ол табиғи апатқа байланысты 11-18 шілде аралығына Еуропа мен Таяу Шығысқа жоспарлаған сапарын тоқтатты.

Еске сала кетсек, Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аудандарына өткен аптадан бастап жауын толастамай тұр. Нәтижесінде елдің бірнеше қаласы су астында қалды. Әсіресе Хиросима, Гифу, Эхимэ, Киото және Окаяма шаһарлары қатты зардап шекті. Билік өкілдерінің есебі бойынша 200 мыңнан аса тұрғын сусыз, жарықсыз қалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер