BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

Жапонияда нөсер жауыннан көз жұмғандар саны артуда

Фото: ria.ru

Жапонияда нөсер жауын салдарынан көз жұмғандар саны 100 дейін жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости порталына сілтеме жасап.

Ки одо агенттігінің хабарлауынша, Окаяма префектурасының Курасика қаласында су тасқыны кезінде қаза тапқан тағы жеті адамның денесі табылды. Осылайша, Жапонияның батыс аумағында орын алған су тасқыны мен көшкін су құрбандарының саны 100-ге жетті. NHK ақпараты бойынша, тағы 50 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Жапонияның метеоқызметі алдағы уақытта болатын су тасқыны туралы ескертуде. Бұған дейін хабарланғандай, Хонсю аралының оңтүстік-батысындағы Хиросима префектурасы және Сикоку аралындағы Эхимэ префектурасы табиғат апатынан үлкен зардап шекті.

Еске сала кетсек, өткен аптаның соңында Жапонияның орталық және оңтүстік-батысында нөсер жауын басталған болатын. Ал жексенбі күні таңертең Гифу префектурасында 1050 мм, Эхимэде – 745 мм, Киотода – 465 мм, Хиросимада – 442 мм, Хёгода – 430 мм, Окаямада 310 мм жауын-шашын түсіп, аталған соңғы аумақтаға үйлер екінші қабатына дейін су астында қалды. Бұл орташа айлық нормадан екі-үш есе көп көрсеткіш.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер