BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жапонияда нөсер жауын салдарынан көз жұмғандар саны артып келеді

Фото: rezonans.news

Қайтыс болғандардың көбі Хиросима мен Эхиме тұрғындары. Құрбан болғандар саны 179 адамға жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі gordonua.com сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, апатты жағдайдан Окаяма, Хиого, Киото, Шига, Фукуока, Коси, Гифу, Ямагучи, Сага және Кагосама тұрғындары көбірек зардап шекті.

9 маусымда мемлекеттік телеарналар нөсер жауын салдарынан 116 адам көз жұмып, 5,9 млн адам тұрған үйлерін тастап, көшулеріне тура келгенін айтқан еді. Жапониядағы Mazda және Mitsubishi заводтары толассыз жауын салдарынан жұмысын тоқтатты.

Өткен аптаның соңында жауын Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық бөлігін қиратты. Жауын салдарынан өзендер арнасынан тасып, сол маңдағы аумақты су басты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер