BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жапонияда нөсер салдарынан көз жұмғандар саны 199 адамға жетті

Жапонияда толассыз жауған нөсер салдарынан құрбан болған адамдардың саны 199 адамға жетті. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Хиросимадағы 42 адамның тұрған жері, қауіпсіздігі туралы мәліметтер болмай жатқаны туралы хабарлама түсті. Сонымен қатар, әлі қанша адамның жоғалғаны туралы нақты мәлімет жоқ», - дейді Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга.

Қазір табиғи апат болған өңірде 73 мың құтқарушы мен 80 тікұшақ қызмет етуде.

13 шілде күні табиғи апаттың зардабы тиген аудандарды премьер-министр Синдзо Абэ өзі аралап шығады деп жоспарланған.

Айта кетейік, «Прапирун» тайфуны 6 шілдеде басталған болатын. Бірнеше күн ішінде бұл аймақта 1000 мм жауын-шашын жауып, қаншама адам құрбан болды. Бұдан бұрын нөсер жауыннан құрбан болғандар саны 179 адамға жеткені хабарланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер