BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Зәресі ұшқан 12 маймылдың жүрегі жарылып өлді

Үндістанда қорқып қалған 12 маймылдың жүрегі жарылып өлген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Үндістанда Уттар-Прадеш шатының тұрғындары орманнан 12 маймылдың өлексесін тауып алған. Алғашында, ветеринарлар оларды уланып қалған деп ойлапты. Бірақ сараптама жүргізілгеннен кейінгі зерттеу нәтижелері олардың жүрегі жарылып кеткендігін анықтаған.

«Патологиялық-анатомиялық қорытындыға сәйкес, маймылдар жүректері жарылып өлген. Оған жолбарыстың ақырғаны себеп болуы мүмкін» , - дейді ветеринар Санджив Кумар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер