BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Яндекс» компаниясы өзінің жеке смартфонын шығарады

Фото: vesti.ru

Yandex Services AG компаниясы Ресей Федерациясы аймағында «Яндекс.Телефон» гаджетін шығаруға рұқсат алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Вести.ru порталына сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жазылған мәліметке сүйенсек, Швейцарияда тіркелген Yandex компаниясына Ресей аймағында моделі YNDX-000SB болатын, «Яндекс» сауда маркасындағы «Яндекс.Телефон» смартфонын шығаруға рұқсат берілген.

Бұған дейін аталған компания «Яндекс. Станция» гаджетін шығаруға рұқсат алғаны хабарланған. Оның таныстырылымы мамыр айының соңында Мәскеу қаласында өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер