BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

WhatsApp төлем жүйесін іске қоспақ

WhatsApp енді тек өзіне тиесілі WhatsApp Pay төлем жүйесін іске қоспақ. Бұл туралы Telecomtalk.info сайты жазады. Мессенджер қолданушылары WhatsApp арқылы сатып алған тауарға, қызметтерге төлем жүргізе алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Компания Үндістанда сервисті iOS және Android қосымшаларында іске қосты. Әзірге ақша аударымдарын тек WhatsApp Pay әмияны арасында ғана жасауға болады. Басылымның хабарлауынша, компания бұл шектеуді алып тастап, басқа сервистермен де төлем жүйесін іске қосуды көздеп отыр.

WhatsApp өкілдері Үндістандағы жетекші банктермен әріптестік келісім жасап жатыр. Содан соң WhatsApp қолданушыларына банк карталары арқылы төлем жүйесін реттеу мүмкін болмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер