BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Викингтер мұсылман болған – швед ғалымдары

Фото: @UU_University

Швед ғалымдары викингтердің ислам дінін ұстанғанын дәлелдейтін жаңа деректер тапты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап.

Викингтер қорымының бірінен Алланың аты және пайғамбардың күйеу баласы Мұхаммед Әли ибн Тәліптің аты жазылған мата табылды. Жәдігер IX-X ғасырлардан қалған екен.

Бастапқыда оны ғалымдар жай ғана әшекей деп ойлаған. Алайда, кейіннен археолог Анника Ларссон матада куфи жазуы бар екенін байқаған. Оның ойынша, бұл ислам дінін қабылдаған викингтің қабірі.

«Бір қызығы, «Аллах» деген сөз екі жағынан да оқуға болатындай етіп жазылған. Олар дұғаны оң және сол жағынан да оқуға лайықтап жазғысы келген сияқты. Құранда жұмаққа барған адамдар жібектен киім киетіні айтылған. Викингтерде жібек киімнің таралуына және мұндай жазулардың болуына себеп бәлкім осы» дейді Ларссон.

Куфи (Куфалық) жазу араб жазуының тік және белгілі бұрыш жасай отыра жазылатын жазу түрі. Исламның алғашқы ғасырларында «Химиари» жазуының өзгеруімен пайда болған тік, айқын, бұрышты жазу ретінде танылған. Арабша құсни-хат өнерінде кең жайылған жазу ретінде де білінген. Куфи жазуы атауын Куфа қаласынан алады. Себебі, бұл жазу түрі 8 ғасырдың соңына қарай Ирактың Куфа қаласы салынғаннан кейін пайда болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер