BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Вьетнам билігі ел тұрғындарын ит етін жемеуге шақырды

Фото: penguin.bg

Вьетнам астанасы Ханоя билігі тұрғындарды ит етін тұтынбауға шақырды. Себебі бұл қала беделіне нұқсан келтіреді әрі қауіпті аурулар тудырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Ханоя халықтық комитетінде, бұл көне азиалық дәстүр қазіргі астананың беделіне нұқсан келтіретіні айтылды. Сондай-ақ ит етін жеу лептоспироз, құтыру ауруларына әкелетіні жария етілді.

Қазіргі уақытта қаладағы мыңдаған дүкен ит пен мысық етін сатуда. Мысық еті сондай үлкен танымалдылыққа ие емес, дегенімен оны да тұтынады. Комитеті өкілдері жануарлардың аяусыз өлтірілетінін баса айтты.

Қалада шамамен 490 мың ит пен мысық бар. Бұлар негізінен үй жануарлары, алайда оның 10 пайызын сою үшін ұстап отыр. Көптеген вьетнамдықтар оларды жеуден бас тартқанымен үлкен буын арасында оларды жеу сақталып келеді.

Ит еті – Вьетнам тағам индустриясында ойып тұрып орын алады. Өйткені арзандығымен үлкен сұранысқа ие болып отыр. The Guardian басылымының мәліметінше, ет үшін бұл елде жылына бес миллионға дейін ит өлтіріледі екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер