BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Венесуэлада президент сайлауы өтеді

Фото: rossaprimavera.ru

Жексенбі күні Венесуэла тұрғындары жаңа президент сайлауын өткізеді. Жеңімпаз терең экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа батқан елге ие болып, дәрі-дәрмек жетіспеушілігі, гиперинфляция және қорғау жүйесінің әлсіздігінен зардап шегіп отырған миллиондаған тұрғынның үмітін ақтауы тиіс, деп хабарладйы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Миграция бойынша халықаралық ұйым берген есепте 2015-2017 жылдар аралығында елдегі дағдарыстан 1,6 миллион адам көшіп кеткен деген ақпарат бар. Ал ел аймақтарының басшылары сайлау өткізуге қарсы, өйткені олар сайлау әділетті түрде өтетініне сенбейді.

«Мадуро Үкіметі сайлаудың заңды өтуі үшін күрес жүргізуде. Ол бүкіл әлемді сайлау әділетті, сенімді әрі бәсекеге қабілетті өтеді деп сендіргісі келеді», - деді америкалық университеттің ғылыми қызметкері Майкл Маккарти.

Дүйсенбі күні 10 латынамериалық ел мен АҚШ, Испания қол қойған құжатта елді басқарып отырған президент Николас Мадуроның «авторитарлық жүйе» орнатқаны жазылып, аталған елдер оның биліктен кетуін талап еткен. Бұл топ Венесуэла Үкіметіне сайлау жұмыстарын тоқтатуды өтінген.

Маккарти алдағы сайлауға тұрғындардың келмейтінін, сондықтан тағы да әділетсіздік орын алатынын айтып отыр. Ол Мадуро үшін де тұрғындардың сайлауға мүлдем қатыспауы ең ауыр проблема болатынын айтады.

Жексенбі күнгі сайлауға екі кандидат қатысады. Олар: Николас Мадуро және оппозициялық партия өкілі Анри Фалькон. Мадуро 2013 жылы Уго Чавес қайтыс болғалы бері ел басқарып келеді.

Чавес кезінде Венесуэла елі социализмге бет алды. Көптеген тұрғындар Чавесті кедейлерден шыққан қаһармандай қарайды. Ол биліктен кетер алдында Мадуроны өз ізбасары ретінде таңдаған, сондықтан 2013 жылы Мадуро билікке оңай жолмен жетті.

Мадуро Чавестің саясатын жалғастырды. Әлеуметтік қамту, көптеген тағамдар бағасын бақылау және елге үлестіру – бұл елдің басты саясаты.

Айта кетерлігі, Венесуэла – әлемдегі ең бай мұнай қоры бар елдердің бірі, сондықтан ел Үкіметі бұл қорды сарқылмайтын ақшаның көзі деп ойлап қалған еді. 2016 жылы мұнай бағасы түсіп кеткен кезде, ел экономикасы дағдарысқа душар болды. Халықаралық валюта қоры Венесуэладағы инфляция 2018 жылы 13 000 пайызға жетеді деп болжап отыр.

Мадуро бұл мемлекеттің дағдарысқа ұшырауына АҚШ айыпты деп отыр. Өйткені, Венесуэла басшыларына қарсы Вашингтон жариялаған санкциялар Ақ үйдің «экономикалық соғыс» саясатын ұстанатынын дәлелдейді. Сондай-ақ, ел басшысы Николас Мадуро енесуэлаға ешбір елден гуманитарлық көмек алмайды.

Ал елдегі мықты саясаткердің бірі Сокол соңғы жылдары Мадуро Үкіметіне қарсы күресті. Ол қаржылық дағдарыстан шығудың жолы елдің доллар валютасына өтуі деп санайды. Сокол – Мадуроның қарсыласы, бірақ кезінде Чавестің саясатын толық жақтаған. 2010 жылы ол Үкіметтен кетіп, 2013 жылы оппозициялық партияға өтті. Лара штатының губернаторы қызметін атқарған.

Оппозициялық партия жеңіске жеткен жағдайда ол Министрлер Кабинетін сайлап, Венесуэла үшін өзге елдерден гуманитарлық көмек алуға сөз берді.

Президент сайлауы 2018 жылдың ақпан айына жоспарланған болатын, бірақ күтпеген жерден ел Үкіметі сәуір айына ауыстырып жіберді. Үкімет пен оппозициялық партия өкілдері келісе алмағандықтан, ең соңында мамыр айына шегерілген.

Мадуроға қарсы шыққан көптеген кандидаттар сайлаудан алыстатылды. Мәселен, оппозициялық партия өкілі Энрике Каприлеске 2017 жылдан бастап 15 жыл бойы сайлауға қатысуға тыйым салынды. Миранда штатының губернаторы қызметін атқарып жүрген Каприлеске әкімшілік құқық бұзғаны үшін осындай шектеу енгізілген.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай ҚУАНЫШБЕК

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер