«Ювентус» Роналдудың футболкасын сату арқылы 6,5 млн еуро тапты - Әлем|06 Тамыз 2018, 20:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

«Ювентус» Роналдудың футболкасын сату арқылы 6,5 млн еуро тапты

Фото: BBC

Криштиан Рналду «Ювентусқа» ауысқаннан соң алғашқы апталарда аталмыш клуб португалдық футболшының жейдесін сату арқылы 6,5 млн еуро тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Tuttosport мәліметінше, футболкаларың алғашы партиясы бітті. 10 шілдеден 5 тамыз аралығында шығарылған 55 мың жейденің бағасы 6,5 млн еуроны құрады. «Ювентус» лидерінің бір футболкасының құны 105 еуро тұрады.

Футбдолкалардың жаңа партиясы қыркүйекте сатылымға шығатыны хабарланды. Роналду жаңа клубқа ауысу туралы келісімшартқа қол қойған соң «Ювентустың» Twitter-дегі парақшасына миллионнан астам адам жазылды. Сондай-ақ Instargam мен Facebook-та да жазылушылар саны көбейді.

33 жастағы португалдықтың трансфері «Ювентус» үшін 112 миллион еуроға түсті. «Реалдың» экс-футболшысының Туринде алатын жалақысы жылына 30 млн еуроны құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер