Күйеуіне келген конвертті ашқан Трамптың келіні ауруханаға түсті - Әлем|13 Ақпан 2018, 09:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Күйеуіне келген конвертті ашқан Трамптың келіні ауруханаға түсті

Фото: Insider.pro

Дональд Трамптың үлкен ұлының атына белгісіз адамнан ішіне ұнтақ салынған конверт келді. Оны әйелі ашып, кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президентінің үлкен ұлының әйелі Ванесса Трамп 12 ақпан күні ішіне ақ ұнтақ салынған конвертті ашамын деп ауруханаға түседі. Аталған хат күйеуіне келген екен. Бұл оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында Манхэттендегі ерлі-зайыптылар пәтерінде болған.

Нью-Йорк полиция қызметкерлері өз кезектерінде Ванесса Трамптың ауруханаға тек алдын ала сақтық шарасы ретінде жатқызылғанын айтып өтті. Әзірге президенттің келінінің денсаулығына қатысты нақты ақпарат жоқ. Онымен бірге ауруханаға тағы екі адам түсті. Дереккөздері ол адамдардың есімін құпия ұстап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер