BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Үндістандық жігіттің асқазанынан 7 келі темір алынды

Нью-Дели қаласының дәрігерлері асқазанында 263 тиын мен 100 шеге жатқан науқасты көріп қатты таңқалған. Бастапқыда олар ер адам тамақтан уланған болар деп болжаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zee News басылымына сілтеме жасап.

35 жастағы Мэксуд Хан дәрігерлерге асқазанының ауыратынын айтып келген. Тексеруден кейін оның асқазанында көптеген тиын мен өзге темір-терсек жатқаны анықталған. Нәтижесінде ол Сатнадағы Санджай Ганди атындағы ауруханаға жатқызылып, сол жерде ота жасалды. Оның асқазанынан алынған темір-терсектің жалпы салмағы – 7 келі.

Ұлыбританиялық Yahoo жаңалықтарында Ханның ақыл-ес кемістігі бар екені туралы айтылған. Отбасы оның темір-терсекпен тамақтанатынын жақсы білген екен.

«Бастапқыда науқас бізге үш айдан бері асқазанының ауырып жүргенін айтты. Тексеру барысында оның асқазанындағы темір-терсекті көріп қатты таңқалдық. Тәжірибемізде мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырмыз. Дені сау адам бұлай жасамайды», - дейді дәрігер Прийанк Шарма.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер