BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Үндістандағы найзағайлы шаңды дауылдан 40-қа жуық адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Үндістандағы найзағайлы шаңды дауылдан 40-қа жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Үндістанның солтүстігінде жексенбі күні найзағайлы шаңды дауылдан кем дегенде 40 адам қайтыс болды», - деп жазады Times of India басылымы.

Басылымның ақпараты бойынша, ауа-райының тосын мінезінен Уттар-Прадеш, Андхра-Прадеш, Батыс Бенгалия мен Дели елордалық округі зардап шеккен.

Толықтырып кеткендей, бұл осымен соңғы күндері Үндістанның солтүстігіне тап берген үшінші дауыл. 10 мамыр күні болған дауылдың кесірінен алдын ала бағалау бойынша 11 ден 13-ке дейін адам қайтыс болды. Бұған дейін, 2 мамырда болған дәл осындай табиғаттың тосын мінезінен 120-ға жуық азамат қаза тапқан. Бұл күні дауылмен қатар жаңбыр жауып, найзағай жарқылдаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер