BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Үндістанда үш дос өздерінің суға батып жатқан сәтін кездейсоқ камераға түсіріп алған

Үндістанда үш дос тоғанға батып кетті – болған жағдайды біреуінің телефонының камерасы түсіріп қалған. Достар таяз суда көңіл көтергісі келген, алайда өз күштерін есептемеген. Бұл туралы роликті жариялаған Daily Mail басылымы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымнан атап өтілгендей, 22,27 және 28 жастағы ер азаматтар велосипедпен серуендеп жүрген және судың қасына кідіре тұрмақшы болады. Олар телефон камерасын икемдеп, тоғанға түседі. өкінішке орай, олардың бірде біреуі жүзе алмаған.

Бейне жазбадан ер азаматтардың бастапқыда суды шалпылдатып шашысып жатқаны, кейіннен судан шығуға барынша жанталасып тырысқанын көруге болады. Ал, кейінірек мүлдем суға батып кетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер