BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Үндістанда көшкіннен 26 адам қаза тапты

Фото: ria.ru

Үндістандық Керала штатында соңғы тәулікте су тасқыны салдарынан болған көшкіннен 26 адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Толассыз жауын 8 тамыздан бері жауып жатыр. Тау етегінде орналасқан бірқатар аудан су астында қалды.

Билік табиғи апат салдарынан қаза болғандар саны көбеюі мүмкін деп қорқады. Виджаян штатының бас министрі Пинарайи федералды биліктен әскери бөлімдерді жіберіп, жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге көмектесуді сұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер