USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Түрмеге сыймаған тұтқындар камераластарын жеп қойды

Венесуэланың Тачира қаласында түрмеде жазасын өтеп жатқандар камераластарын жеп қойды. Бұл туралы марқұмдардың бірінің әкесі Хуан Карлос Эррара айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Оған бұл туралы жантүршігерлік оқиғаға куә болған тұтқындардың бірі айтқан.

Небәрі 120 адамға шақталған абақтыға 350 тұтқынды қамап қойған. Түзеу орталығына сыймаған қылмыскерлер ылаң салып, жаңадан келген сегіз тұтқын мен екі күзетшіні кепілге алған.

Қырық шақты адам Эрраның ұлы мен тағы екі ер адамды пышақтап өлтірген. Кейін венесуэлалық қаныпезер әрі каннибал марқұмдардың денесін бөлшектеп, камераластарына жеуге берген.

Венесэуланың түзеу істері министрлігі тәртіпсіздік кезінде екі адамның жоғалып кеткенін растап отыр. Алайда адам жеу фактісі тіркелмегенін хабарлады, деп жазады ren.tv.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады