BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Түркияда автобус жүк арбаға соғылып, 13 адам қаза тапты

Стамбұлдан Токат қаласына қарай бет алған жолаушылар автобусында 33 адам болған. Жол-жөнекей автобус жол жиегінде тұрған жүк арбаға соғылып, соның салдарынан өртенген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Түркияның солтүстігінде орын алған бұл жол апатынан 13 адам көз жұмып, 20 адам түрлі жарақат алған.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы таңғы алты шамасында болған. Жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада келіп, зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген. Жергілікті билік өкілдері жол апатының себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдарын бастап кетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер