BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Түркияда терезеден құлаған 1 жарым жасар бала құтқарылды

Стамбулда терезеден құлаған баланы куәгерлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің бірі сәбидің терезеден құлаған сәтін видеоға түсіріп алады.

Дереккөзінің жазуынша, оқиға 10 ақпан күні сағат 16.00 шамасында болған.

Ашық терезенің жақтауында тұрған баланы байқаған куәгерлер оны құтқарып қалуға тырысады. Сөйтіп, олар балконның бірінде жайылып тұрған төсек-орын жапқышын алып, баланың қимыл-қозғалысын аңдыған. Бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлаған сәтте, ол төмендегі құтқарушылар ұстап тұрған жапқыштың үстіне құлап түскен.

Сәби құтқарылып, отбасына аман-есен оралды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер