BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Түркияда пойыз апатқа ұшырап, 24 адам қаза тапты

Фото: bbc.co.uk

8 маусымда Түркияда ірі теміржол апаты болды. Соның салдарынан 24 адам қаза тауып, 338 адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі podrobnosti.ua сайтына сілтеме жасап.

Пойызда 362 жолаушы, 6 пойыз қызметі мүшелері болған. Пойыз Стамбулдан Узункепрге бара жатқанда рельстен шығып кетіп, 5 вагон аударылып қалған.

Зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде. Түркияның көлік құралдары министрлігінің хабарлауынша, апат толассыз жауған жауын салдарынан болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер