BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Түрікменстанда автобус апатынан кем дегенде 17 адам мерт болды

Фото: 365Info

Сенбі, 14 сәуірде Түрікменстанда жол апатынан кем дегенде 17 адам қаза тапты. Оқиға Чули шатқалында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түрікменстанда Геокдере деген атпен танымал бұл демалыс мекені Ашхабадтан 20 шақырым жерде орналасқан.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, апаттан зардап шеккендер саны жексенбі күні таңертең 17 адам болған. Нақты қанша адам жараланғаны туралы мәлімет жоқ.

Жол полициясы автобус лық толы болғандықтан және ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған деп болжайды. Жолаушы толы автобус ылғал асфальттен шетке шығып кетіп, аударылып түскен болуы мүмкін.

Чули шатқалында көбіне мемлекеттік мекеме қызметкерлері демалатын орындар және балалар лагерьлері орналасқан. Жылдың бұл мезгілінде онда түрлі мекеме қызметкері мен турист барады.

Билік пен ресми БАҚ, әдеттегідей, жол апаты мен зардап шеккендер туралы ешқандай мәлімет таратпады. Апат болған аудан қоршауға алынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер