USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Түрікменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының алғашқы бөлігі ашылды

28 қарашада Түрікменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының алғашқы бөлігі ашылды. Темір жолдың ашылу салтанатына Түркіменстан және Ауғанстан президенттері қатысты.

centralasian.org-тың хабарлауынша, Ауғанстанға баратын Лоджвард темір жол өткелі үлкен маңызға ие. Бұл жол Түркіменстан мен Еуропаны жалғайды деген үміт бар.

Темір жолдың үш шақырымдық Имамназар-Акгине бөлігі Түрікменстанның қаржысымен салынған. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани осы көмегі үшін алғысын білдірді. Темір жол Андхой қаласына дейін салынуы керек. Темір жол Ауғанстанның Құндыз провинциясы арқылы Тәжікстанға өтеді.

"Ауғанстан болашақта Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы экономикалық жолайрыққа айналады. Осы аймақта орналасқан мемлекеттер соның пайдасын көре алады", деді президент Ғани.

Президент Гурбангұлы Бердымұхамедов темір жолдың Ауғанстан үшін маңызы зор екендігіне тоқталды. Оның мәлімдеуінше, Түрікменстан Ауғанстанда бейбітшілік орнауына бар күшін салуға әзір.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады