USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Түрікменстан президенті биылғы бір жылдағы жетінші кітабын жазды

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов үкімет мүшелеріне кезекті жаңа кітабын таныстырып, 21 қазанда алғашқы данасы министрлер кабинетінің отырысында беріледі деді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Түрікменстан» деп аталатын кітап тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде түркімен халқының атқарған еңбегіне арналған.

Бұл президенттің бір жыл ішінде жазған жетінші кітабы. Осыған дейін қаңтар айында «Даналық діңгегі» (мақал-мәтелдер жинағы), наурыз айында «Шәй – ем мен шабыт беруші», сәуірде «Сәйгүліктің шабысы» (ақалтеке аты жөнінде), мамыр айында «ерекше әдемілік» (түркімен кілем өнері жөнінде), шілде айында «Түрікменстандағы дәрілік шөптер» кітабының сегізінші томы және қыркүйекте «Әлем музыкасы, достық және ағайындық музыкасы» (Шүкір бақсы музыкант жөнінде) деген кітаптар жазды.

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады