BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Түрікменстан Қадір түні қарсаңында 600-ден астам тұтқынға рақымшылық жасады

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұсылмандардың Рамазан айындағы Қадір түні құрметіне 611 сотталушыға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түркіменстан мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, Бердімұхамедов рақымшылық жасау туралы жарлыққа 8 маусымда қол қойған.

Гурбангулы Бердімұхамедовке дейінгі президент Сапармұрат Ниязов жылына бір рет Рамазан айында рақымшылық жариялайтын.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түркіменстанда. Бірақ соңғы жылдары Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Ол соңғы рет биыл Наурыз мерекесі қарсаңында рақымшылық жариялаған. Былтыр Түркіменстан президенті үш мың адамға рақымшылық жасаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер