BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Турист әйел түнде лайнерден құлап, 10 сағат теңізде болды

Ұлыбритания азаматы Norvegian Star америкалық круиз лайнерінің бортынан құлап, Адриатикалық теңізде 10 сағатқа жуық болды және аман қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Әйел жексенбі күні түн ортасында Хорватияның жағалауынан 100 шақырым қашықтықта болды. Жағалау күзеті таңертең британиялық туристі құтқарды.

Әйел суға құлаған жерінен 1 300 метр және круиз шыққан Пулядағы порттан 60 теңіз миля қашықтықта табылды.

Құтқарушылардың айтуынша, британиялық қатты шаршыған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тергеу жүріп жатыр.

Британиялық БАҚ ақпаратына қарағанда, құлаған әйелдің аты - Кэй Лонгстафф, 46 жаста. Әйелдің айтуынша, ол лайнердің артқы жағынан теңізге құлаған. Кэй өзін құтқарған жағалау қызметкерлерін «тамаша жігіттер» деп атады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер