BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Түрікменстанда жастар шетелге шыға алмай отыр

Түрікменстанда 30 жастан аспаған ер адамдарды елден шығармай жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Миграциялық полиция қызметкерінің ақпаратына сүйенсек, бұл шара ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.

«Менің 27 жастағы танысым шетелге шықпақшы болды. Содан оны облыстық миграциялық полиция қызметіне шақырып, билетін тартып алған. Кейін елден 30 жасқа дейінгі ер адамдарды шығармай жатқанын айтып, Ашхабадқа да барып әуре болмауын ескерткен», - деп әңгімеледі Азаттық сұхбаттасушысы.

Оның айтуынша, бірнеше азаматқа билет ақшасын қайтарып берген. Содан кейін олармен шетелге шықпау туралы келіскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер