BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Түрікмен мектептерінде телефондардан порнография іздеп, қыздардың пәктігі тексерілді

Түрікменстанның Дашоғыз қаласындағы мектептерде, тағы бірқатар аудан орталығында оқушы балалардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, оқушы қыздарды гинекологиялық тексеруге жолдайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.

Түрікменстанның солтүстігіндегі облыста өткен аптада жергілікті білім беру мекемелерінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің, полицияның қызметкерлері және дәрігерлер алдын ала ескертусіз сабаққа келіп, жоғарғы сынып оқушыларының телефондарын жинап алған. Содан кейін ғана телефондардан мультимедиалық файлдарға тексеретінін айтқан.

Мұндай тексеру жүргізуге облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасары тапсырма берген, деп хабарлады Азаттық дереккөзі.

"Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды", - деді Дашоғыз облысы Гурбансолтан ауданындағы орта мектеп оқушысы.

Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларының ата-аналарын шақырып, бірге әңгімелескен.

"Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерді. Пәктігі табылмаған қыздардың аналарын шақырып, бүкіл мектепке масқаралады. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды", - деді дереккөз.

Дашоғыз жергілікті әкімдігінің өкілдері Азаттық радиосына тексеру себептерін түсіндіруден бас тартты.

Бірақ аудандық полиция қызметкерінің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың жезөкшелікке салынуы жиілеп кетуіне байланысты осындай тексеру жүргізілген.

"Тексеру осындай мәселемен күресу үшін жасалды", - деді дереккөз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер