BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Трамп Тиллерсонның орынбасарын да қызметінен босатты

Рекс Тиллерсон өзінің отставкаға кететінін Трамптың твиттердегі блогынан білген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонмен бірге оның орынбасары Стив Гольдштейнді де қызметінен босатты. Журналистерге Тиллерсонның отставкасының мән-жайы туралы бірінші болып Гольдштейн айтқан еді.

Мұның алдында Трамп Тиллерсонмен оның отставкаға кетуі туралы сөйлескенін айтты. Алайда Гольдштейннің айтуынша, Тиллерсон өзінің отсттавкаға кететіні туралы Трамптың блогына дейін білмеген.

Трамп пен Тиллерсонның өзара түсінісе алмай жүргендері БАҚ үшін де, мемлекет билігіндегілер үшін де құпия емес. Трампқа Мемлекеттік хатшының скептикалық көзқарасы мен сыртқы саясатқа қатысты өзіндік пікірі ұнамайтын еді. Сондай-ақ, Рекс Тиллерсон де көп мәселеде Трамптың әрекеттерін құптамайтынын жасырмаған.

Естеріңізге сала етсек, 13 наурыз күні Трамп Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберіп, оның орнына ЦРУ директоры Майк Помпеоны қойған еді. Ал ЦРУ-ды тарихта алғаш рет әйел басқаратын болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер