BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Трамп Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды алып тастауға ниетті екенін айтты 

АҚШ Президенті Дональд Трамп КХДР Ким Чен Ынға екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарту мақсатында Пхеньянға қарсы санкцияларды алып тастауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корей орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстіккореялық агенттіктің мәліметінше, Трамп осы диалог кезінде КХДР арандату деп санайтын АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлесе әскери байланысын тоқтатып, сондай-ақ Солтүстік Кореяға өзара қарым-қатынасты одан әрі жақсарту аясында қауіпсіздікке кепілдік беру мен оған қарсы санкцияларды алып тастауға ниетті екенін айтқан.

Еске сала кетсек, 12 маусымда Сингапурде АҚШ пен Солтүстік Корея лидерлерінің тарихи кездесуі өтті.

Келіссөздердің нәтижесінде Трамп пен Ким Чен Ын бірқатар құжаттарға қол қойды. Соның ішінде Вашингтон Пхеньянға қауіпсіздікке кепілдік берсе, ал өз кезегінде Корей түбегінде әскери арсеналын қысқартатынын растады.

Сондай-ақ, Трамп Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардың әзірге күшінде екенін атап өткен болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер