BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Трамп Рекс Тиллерсонның қызметінен босатылу себебін түсіндірді

Америка президенті Рекс Тиллерсонның отставкаға кетуіне Иран келісіміне қатысты арадағы түсініспеушіліктің себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Рекс Тиллерсонның қызметінен босатылуына атом мәселесіне қатысты Иранмен келісімге деген көзқарастың екі түрлі болуы себеп екенін айтты.

«Иранмен жасалған келісімге назар аударыңыздаршы. Меніңше, ол өте нашар. Ал ол керісінше бұл келісімнің жоғары деңгейде екенін айтады. Біздің пікіріміз бір арнада тоғыспады», - деді Трамп Калифорнияға ұшып бара жатқан ұшақтың бортында тұрып.

Сондай-ақ, америкалық лидер Тиллерсонның орнына келген Мемлекеттік хатшымен пікірлерінің бір екенін айтып өтті.

«Барлығы дұрыс болады деген ойдамын», - дейді Трамп.

Естеріңізге сала етсек, 13 наурыз күні Трамп Рекс Тиллерсонды отставкаға жіберіп, оның орнына ЦРУ директоры Майк Помпеоны қойған еді. Ал ЦРУ-ды тарихта алғаш рет әйел басқаратын болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер