BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Трамп Рекс Тиллерсонды АҚШ Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды отставкаға жібергенін мәлімдеді. Мемлекеттік департаменттің директоры болып ЦРУ директоры Майк Помпео тағайындалды. Ал ЦРУ-ды алғаш рет тарихта әйел адам басқаратын болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Трамп өзінің твиттер желісіндегі парақшасында АҚШ мемлекеттік хатшысын отставкаға жіберіп, оның орнына ЦРУ басшысы Помпеоны тағайындағанын жазды. Сейсенбі күні Тиллерсонның отставкаға кететіні туралы ақпаратты Washington Post газеті жариялаған еді.

«ЦРУ директоры Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Оның бұл жұмысты өте жақсы алып жүре алатынына сенімдімін! Рекс Тиллерсонға қызметі үшін көп рахмет! Ал ЦРУ-ды Джина Хэспел басқаратын болды. Ол - ЦРУ-ды басқаратын тарихтағы алғашқы әйел. Барлықтарыңызды құттықтаймын!» - деп жазды Трамп.

Осы уақытқа дейін америкалық БАҚ Дональд Трамп пен Рекс Тиллерсон арасында түсінбестіктер болып жатқаны туралы жазған еді. Ал мемлекеттік хатшының өзі бұл ақпаратты көпке дейін жоққа шығарып, қарым-қатынастарының ойдағыдай екенін айтып келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер