BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Трамп пен Ким келісімге қол қойды. Онда не айтылған?

Фото: GETTY IMAGES

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сингапурдегі тарихи саммит қорытындысы бойынша декларацияға қол қойып, оның мәтінін журналистерге жария етті деп хабарлайды Baq.kz ақпара агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Декларацияда негізгі төрт пункт бар:

  • АҚШ пен КХДР екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұл мемлекеттер халықтарының бейбітшілік және гүлдену тілегіне сәйкес дамытуға міндеттеме алады.
  • АҚШ пен КХДР Корей түбегі территориясында тұрақты және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға бірлесе күш салады.
  • КХДР Корей түбегін ядролық қарусыздандыру жөніндегі 2018 жылдың 27 сәуірінде қол қойылған Пханмунджом декларациясын ұстанатынын растайды.
  • АҚШ пен КХДР әскери тұтқындардың мәйітін, оның ішінде кім екені анықталған мәйіттерді қайтару жөнінде міндеттемелер алады.

Мұнымен қатар Құрама Штаттар ядролық қаруды тастауға келіскені үшін Ким Чен Ынның жеке қауіпсіздігіне кепілдік береді.

«Президент Трамп КХДР-ға қауіпсіздік кепілдігін беруге уәде етті, ал төраға Ким Чен Ын Корей түбегін қарусыздандыруға шынымен ниетті екенін растады» делінген екі лидердің бірлескен мәлімдемесінде.

Құжатта Солтүстік Корея ядролық қаруды қалай тастайтыны туралы нақты айтылмаған. Онда Солтүстік Кореяған салынған санкциялар туралы да сөз жоқ.

Сонымен қатар келісімде Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасында бейбіт келісім жасау мәселесі де айтылмаған. Миллиондаған адамның қаны төгілген 1950-53 жылдардағы Корея соғысына қатысқан елдер бүгінде формальды түрде соғыс жағдайында тұр.

Трамп пен Ким кездесу нәтижесіне разы

АҚШ президенті кездесуді аса маңызды және жеткілікті дәрежеде мазмұнды деп бағалады.

Ол Кимді Ақ үйге шақыратынын айтты.

Бірлескен декларацияға қол қою кезінде Ким Чен Ын кездесуді тарихи деп бағалап, өткенді артта қалдыруға ниетті екенін мәлімдеді. Ол осы кездесудің өткені үшін Трампқа алғыс айтты.

Қытай Сыртқы істер министрлігі саммит қорытындысы туралы мәлімдеме жасап, оны жаңа тарих жасаушы оқиға деп бағалады.

Министрлік өкілі қол қойылған келісімге байланысты енді Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды жұмсарту мәселесін қарауға болатынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер