BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Трамп пен Ким алғашқы кездесу үшін Сингапурге келді

Фото: SINGAPORE/MOCI

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел лидерлерінің алғашқы кездесуін өткізу үшін Сингапурге келді. Сарапшылар бұл саммитте нақты қандай мәселелер талқыланатыны және нәтижесі туралы көп нәрсе айқын емес екенін айтады. Әйтсе де кездесу қарсаңында Солтүстік Кореяның мемлекеттік басылымы Пхеньянның Вашингтонмен жаңа қарым-қатынас орнатуы мүмкін екенін жазды. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Екі лидер де Сингапурге жексенбі күні келді. Трамп көптен күткен кездесуге қатысты өзінің жақсы көңіл-күйде екенін және бұл саммит нәтижесінде Ким мырза ядролық қаруды тастау процесін бастайды деп үміттенетінін айтты.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бір-бірінен онша алыс емес екі отельге түсті. Олар сейсенбі күні Сингапурдан бірнеше жүз метр жердегі танымал туристік арал Сентозада кездеседі.

Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі хабарлағандай, екі елдің жетекші дипломаттары лидерлерге ұсынатын келісім құжатын дайындау үшін дүйсенбі күні кездеседі.

Солтүстік Кореяның басылымдары әдетте басшылардың іс-қимылы туралы онлайн режимде хабарламайды. Бұл саммит жайында олар там-тұмдап қана ақпарат беріп жатыр.

Бірақ Rodon Sinmun газетінің бас мақаласында Ким Чен Ынның Трамппен кездесу үшін Сингапурге барғаны айтылады.

«Бұған дейін бізбен дұшпандық қарым-қатынаста болғанынан қарамастан, біз диалог арқылы байланыстарды реттеудің жолдарын іздейміз» делінген онда.

Келіссөздердің басты тақырыбы Корея түбегін ядролық қарусыздандыру болмақ. АҚШ Солтүстік Коряның ядролық қарудан бас тартқанын қалайды. Бірақ Солтүстік Корея бұған қарсылық білдіреді деген болжам бар және қарудан бас тартқан күнде орнына не талап ететіні белгісіз.

Ағылшын тілінен аударған Алтынай ҚУАНЫШБЕК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер