USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Трамп Кубаға қайта санкция салу мүмкіндігін ескертті

АҚШ-тың жаңа мерзімге сайланған президенті Доналд Трамп егер Гавана үкіметі таяу уақытта елінде адам құқықтары жағдайын өзгертпесе, сөз бостандығы мен дін еркіндігіне тыйым салуды жалғастыра берсе, Барак Обаманың Кубамен қарым-қатынасты ретке келтіріп жатқан саясатын өзгертуі мүмкін екенін ескертті. Бұл жөнінде Трамп тағайындаған Ақ үй әкімшілігінің жетекшісі Рейнс Прибус мәлімдеді.

«Кубамен қазіргі келісім біздің бір жақты шегінуімізбен жасалып отыр, бірақ бұл жарамайды. Біз елде репрессияға тыйым салынғанын, нарықтың ашық болуын, саяси тұтқындарды босатуды қалаймыз. Сайланған президент екі елдің қарым-қатынасы жақсы болу үшін аталған жағдайлардың қалпына келуіне үміттенеді», - деп атап өтеді Прибус.

Ұзақ жылдар Кубаны билеген Фидель Кастроның өмірден өтуіне байланысты Трамп штабы оны алпыс жыл бойында халқын қанап келген, елін кедейлік мен заңсыздыққа алып келген қатыгез диктатор ретінде бейнелейтін мәлімдеме таратты.

Құрама Штаттар Кубаға қатысты бірқатар санкцияны сақтайды, Доналд Трамп мұны Гаванаға қысым ретінде пайдаланады делінген мәлімдемеде.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады