USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Трамп Клинтонның дауыстарды қайта санау туралы шешіміне ренжіді

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қарашадағы президент сайлауындағы басты қарсыласы - Хиллари Клинтонның шешуші үш штатта дауыстардың қайта саналуын қолдағанына өкініш білдірді. Бұл туралы Трамп Twitter’дегі парақшасында жазды. Бұған дейін Клинтонның штабы Висконсинде бюллетендердің қайта саналуын қолдайтынын хабарлаған еді.

Штаттың сайлау комиссиясы 25 қарашада Жасылдар партиясының үміткері Джил Штайнның дауыстарды қайта санау туралы өтінішін мақұлдады. Ол сондай-ақ Мичиган мен Пенсильваниядағы дауыстардың қайта саналғанын қалап отыр. Бұған дейін Трамп оның бұл әрекетін "алаяқтық" деп атаған еді.

Клинтон Трамптан екі миллион дауыс көп жинаған. Дей тұрғанмен, президенттің кім болатынын шешетін орган - сайлаушылар алқасының 290 дауысы Трампқа берілді. Мичиганды қоспағанда, Клинтон 232 дауысқа ие. 27 қарашадағы мәлімет бойынша, бұл штатта Трамп Клинтоннан 11 мың дауыс артық жинаған. Егер дауыстарды қайта санау кезінде Клинтонның Мичиган, Висконсин және Пенсильванияда жеңіске жеткені анықталса, онда ол сайлаушылар алқасының көп дауысына ие болады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады