BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Трамп Иранға қарсы санкцияларды ұзартты

Америкалық көшбасшы 1995, 2010 және 2012-2013 жылдары Тегеранға қарсы АҚШ-тың атқарушы президентінің жарлығымен енгізілген санкциялардың мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкцияларды тағы бір жылға созды.

Баллистикалық ракеталарды дайындау, халықаралық лаңкестікке қолдау көрсету және адам құқықтарын бұзуды қоса алғанда, Иран үкіметінің әрекеттері мен саясаты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі, сыртқы саясаты мен экономикасы үшін бұрынғысынша қауіп төндіріп тұрғаны айтылған.

«Осыған байланысты, 1995 жылы жарияланған ұлттық төтенше жағдай 2018 жылдың 15 наурызынан кейін де өз күшінде қала беруі керек», - деп жазылған құжатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер