BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Трамп АҚШ-тың Иран ядролық мәмілесінен шығу шартын атады

Трамптың Иранмен келісімдегі жаһандық өзгертулер туралы талаптары орындалмаса, АҚШ аталған мәміледен шығады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.

Егер, Ұлыбритания, Франция мен ГФР келісімде маңызды өзгерістерге қол жеткізбесе, АҚШ Иранмен арадағы ядролық мәміледен шығуы мүмкін. Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесу барысында мәлімдеді.

Мәлім болғандай, Трамп пен Нетаньяху 5 наурыз күні Ақүйде кездескен және кездесу барысында Иран мәселесіне басымдылық танытқан.

АҚШ президентінің айтуынша, ЕО елдері Иранмен келісімде тек үстіртін өзгерістер ғана ұсынып отыр. Сол себепті, егер, оның талап етіп отырған ауқымды өзгерістері орындалмаса, АҚШ аталған мәміледен шығады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер