BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Трамп АҚШ армиясы әскери қызмет ететін жаңа аймақты атады

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын уақытта толық әскери күш болып саналатын космостық әскер құратынын айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы америкалық көшбасшы Калифорния штатындағы «Мирамар» әскери-әуе базасында теңіз әскерилерімен кездесуінде мәлімдеді.

«Менің жаңа ұлттық ғарыштық стратегиямда космос жер, ауа және теңіз секілді әскери әрекеттер аймағы ретінде танылды», - деді Трамп.

Ол басында космостық әскер құру идеясына аса мән бермегенін ескертті.

«Содан кейін мен қолдадым. Қандай тамаша идея. Мұны қолға алу керек», - деді АҚШ президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер