BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Төрт жастағы бала абайсызда атасын атып тастады

Төрт жастағы бала атасын абайсызда атып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы New York Post-қа сілтеме жасап life.ru жазады.

АҚШ-тың Элизабет-Сити мекенінде 4 жастағы бала атасын абайсызда атып тастаған.

57 жастағы Дэнни Патрик немересімен серуендеуге шығады. Сол кезде өзімен бірге қару алып, сыртта оқ атады. Ойнап жүрген бала көліктен тағы бір қару тауып алады. Сөйтіп қаруды атасы тұрған жаққа қаратады да, шүріппені басып қалады. Болған оқиғадан атасы сол жерде мерт болған.

Оқыс оқиға туралы немересі көршілеріне айтып берген екен. Олар полиция шақырған.

Еске сала кетейік, жақында елімізде осыған ұқсас оқиға болған еді. Бірақ ол кезде атасы 3 жастағы немересін пышақтап өлтірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер