BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Төрт бала ұйықтап жатыр деп ойлап әке-шешесінің мәйітімен бірнеше күн тұрған

Испанияның оңтүстік-шығысында жантүршігерлік оқиға болды. Ағайынды төрт бала өліп қалған анасы мен оның жігітінің мәйіттерімен бір үйде төрт күн тұрып келген деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Mirror.co.uk басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Зарза-Перрунал қаласында болған. Бес және он үш жас аралығындағы ағайынды төрт бала шешесі жігіті екеуі өліп жатқанын білмеген, ұйықтап жатыр деп ойлаған. Олар төрт күн бойы тамақты өздері дайындап ішіп, мектепке барып-келіп жүрген. Үйде пайда болған жағымсыз иіске де мән бермеген.

Балалардың бірі көрші үйде тұратын кісіге анасының көптен бері оянбағанын айтқан. Полиция осы көрші хабарласқан соң келген. Кейін 32 жастағы Росио Агилар мен 40 жастағы Хосе Антонио өз-өздерін өлтіргені анықталды.

Мұның алдында мұғалім балаларды ешкім алып кетпей жүргенін көріп полицияға хабар берген екен. Алайда, ол кезде балалар анамыз ұйықтап жатыр деп есікті ашпай қойған.

Бұл отбасы бірнеше апта бұрын ғана көшіп келіпті. Ақшаның жоқтығынан олар жартылай бұзылған үйде тұрып жүрген. Кейін онда тұру қауіпті болғандықтан шығарып жіберген.

Ешқандай ақшасыз келгенін көріп жаны ашыған бір шағын қонақүйдің қожайындары оларға төрт күн тұруға орын береді. Екі қожайынның бірі Бэлла Васкес Росио Агиларды кішкентайынан біледі екен. Айтуынша, олар бұрын осы жерде тұрып кейін дағдарысқа байланысты Хуэлва жаққа көшіп кеткен. "Тағдыры өте қиын қыз еді. Ал мынау сұмдық жағдай" дейді ол.

Эль Мундо газетіне берген сұхбатында айтуына қарағанда, қонақүйдің екінші қожайыны Изабель әйел мен жігітінің есірткіге салынғанын байқапты.

"Неден екенін білмеймін, олар бірдеңеден қашып жүрген сияқты көрінді" деген ол.

Тағы бір мәліметтер бойынша Хосе Антонио біраз уақыт бұрын әскери қызметтен босаған екен.

Кейінірек оларды жалдау ақысы айына 200 еуро тұратын үйге көшіреді. Әйел жігіті екеуі сол жерде өлген. Сараптама олар есірткіні дозадан артық салу жолымен өздерін өлтірген деген қорытынды шығарып отыр.

Қазір балалардың өз әкесі оларды өз қолына алудың қамын жасап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер