USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Токио мен Мәскеу Курильді бірлесіп басқару мәселесін қарамайды

Жапонияның сыртқы істер министрлігі Такио Мәскеуге даулы Куриль аралын бірлесіп басқаруды ұсынады деген хабарды теріске шығарды. Жапонияның түбегейлі ұстанымы өзгермеді: Токио Ресеймен төрт аралдың кімге тиесілі екенін анықтайтын бейбіт келісімге келеді деп мәлімдеді Жапония СІМ өкілі.

Осының алдында Nikkei газеті Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресей президенті Владимир Путинмен Курильдің даулы төрт аралын бірлесіп басқару мүмкіндігі жөнінде жазған.

Соңғы рет екі ел лидері бұл мәселені қыркүйек айының басында Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумда көтерген. Путин Ресей даулы аралды Жапонияға сатпайды немесе бермейді деп мәлімдеген.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында ССРО Жапонияның Курильдегі төрт аралын басып алған. Бұл ондаған жылдар бойында екі ел қарым-қатынасына салқынын тигізіп, бейбіт келісімге келуге мүмкіндік бермей келеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады