BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Мейрамхана күзетшісі күйеу жігітті өлтіріп алды

Ер адам көп қан жоғалтып ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

Киев облысы Обуховский ауданында той үстінде 23 жастағы күйеу жігітті өлтіріп тастады. Бұл туралы 27 қараша күні аталған облыс полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға қонақтар күйеу жігітпен ұрысып қалған кезде, түнгі сағат бір шамасында болған. Күйеу жігіт кешеннің сыртына шығып, 66 жастағы күзетшіні көрген. Сол жерде жігіт күзетші қарияға шабуылдайды. Қария жас жігіттен пышақтың көмегімен қорғанады.

Қалыңдық күйеу жігітті таңғы сағат бес шамасында күзетшілер бөлмесінен тауып алған. Айтуынша, осы кезде күйеу жігіт есін біліп, сөйлеп жатқан. Пышақ жігіттің шабына тиген екен. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмады. Себебі, таңға дейін көп қан жоғалтқан. Ал күзетші ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер