BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Тоғыз баланың әкесі өмір бойы белсіз болғанын кездейсоқ біліп қалған

Фото: ашық дереккөзден

Жылдар бойы шындықты білмей келген мароккалық ажырасуға арыз жазып, жұбайын көзіме шөп салды деп айыптауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сиди-Слиман қаласының профессоры Марокко жұбайымен бір шаңырақ астында 35 жыл бақытты өмір сүріп келген, деп жазады MarocPress басылымы.

Олардың отбасында тоғыз бала өмірге келген. Кезекті медициналық тексерістердің бірінде мароккалық өмірін түбегейлі өзгерткен жаңалықты естиді. Уролог сол жақ жұмыртқасында сарысулы ісік болғандықтан терең сараптамаға жіберіп, жас кезінен белсіз екенін хабарлаған.

Ер азамат бұл сараптама нәтижесіне сенбестен, бірнеше жерде тағы да тексерістен өтеді. Алайда барлық жерде жауап бірдей болады, оның соңғы елу жылда ешқандай баласы болуы мүмкін емес.

Бүгінде жылдар бойы шындықты білмей келген мароккалық ажырасуға арыз жазып, жұбайын көзіме шөп салды деп айыптауда. Сонымен қатар, ер азамат балаларынан ресми түрде бас тартпақшы.

Профессордың шағымы бойынша сот медициналық консилиум жасады және де ол оның шындық екенін растады.

Мароккода ерлі-зайыптылардың опасыздығы – ауыр қылмыс. Егер ер азаматтың әйелі опасыздығы үшін айыпты деп танылса, ол бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер